Жалған [Жанна Ермековна Курмангалеева] (fb2) читать постранично, страница - 29


 [Настройки текста]  [Cбросить фильтры]

арасында ауыр үнсіздік тұра қалды, тек қысқы жел гүлейді.

– Толқын, мені тыңдашы, – ақыры бастады Жұлдыз. – Сен барлығын білесің шығар…

– Білемін.

– Сен мені кешіре аласың ба?

Жұлдыз әдеттегідей ештеңе түсіндірген жоқ. Неге қарақшылық туралы айтқан жоқ не әкесі туралы біле тұра айтпады. Толқын бәрін былай да түсінді.

– Сен мені тастап кеттің. Қайтадан.

– Мен саған қауіп төндіре алмадым, Толқын.

– Бірақ өзіне төндірдің ғой! Мен сеннен неге қымбатырақпын?

Жұлдыз күле бастады.

– Себебі менің соңымнан тек қана сен қаласың. Сен, Бүркіт пен, мүмкін, Саткын. Әзір сендер амансыңдар мен ажалдан қорықпаймын.

Толқын әдеттегідей әндетіп, оған жақындаған кезде Жұлдыз бұл әңгімесін есіне түсірді.

– Үйге барамыз ба?

Жұлдыз басын изеді. Толқын Азаттың жылқысына мінді де олар жолға шықты.

– Не туралы сөйлестіңдер?

– Ол “Сендер қазір қайда тұрасыңдар” деп сұрады.

Қыстың басында олар таулықтарға соға кетіп, киіз үйді үнсіз жинады да кетті. Енді олар – Толқын, Азат пен Жұлдыз – әзірше жеке тұрады.

– Сен не дедің?

– Өзімізбен өзі деп.

Жұлдыз ойға шомды.

– Толқын, тілесең, сен онымен бірге қала аласың ғой. Ол айықты, не тілесең де бере алады…

– Мен білемін.

Жылқылар жылынған жерді басып ырғақты жүрді.

– Жуас қайда екен? Оны көптен бері көрген жоқпын, – кенет үнсіздікті үзіп деді Толқын. – Сендер соншама жиі кездесесіңдер ғой.

Емеурінінен аңғарып, Жұлдыз көзін алартты да оны бүйіріне ақырын итеріп жіберді.

– Бір-екі рет жүздестік. Енді не?

Сіңлі сақылдап күлді де шоқыраққа жөнелді. Жұлдыз оны құа бастады. Дене жаралары жазылды. Енді жан ауруы да, сіңлінің күлкімен, әнмен және долы желмен кетіп, артта, жылқы тұяқтарының ізілерде қалды. Ал алдында шетсіз кең даланың туған жазирасы ашылды.